Boxingnews24.com шолушысы Головкиннің рингтен тапқан табысын жариялады

Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегінен түскен ақшасы барлық байлығының 90 пайызынан асады...

Boxingnews24.com шолушысы Головкиннің рингтен тапқан табысын жариялады
фото: ашық дереккөз

Boxingnews24.com шолушысы Энджел Флауэрс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіпқой рингте қанша табыс тапқанын, сондай-ақ мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегінде алған гонорарын жариялады, деп хабарлады paryz.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Головкиннің Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегінен түскен ақшасы барлық байлығының 90 пайызынан асады. Кей деректе Головкиннің байлығы 30-35 миллион долларға бағаланғаны, ал Альвареспен болған екі жекпе-жекте 37 миллион доллар алғаны айтылады.

"Альварес Авни Йылдырыммен болған соңғы жекпе-жегі үшін 20 миллион және ұлыбританиялық Каллум Смитпен болған кездесу үшін де шамамен сондай қаржы алған" деп жазды Флауэрс.