Ресейде Жеңістің 76 жылдығына арналған әскери парад өтеді

Әскери парадтар, Мәскеуден бөлек, тағы 27 қалада өтеді.

Ресейде Жеңістің 76 жылдығына арналған әскери парад өтеді
Фото: дереккөз

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу елде Жеңіс күнін мерекелеуге қатысты жоспар туралы айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған салтанатты шаралар Ресейдің 377 қаласы мен елді мекенінде, ал әскери парадтар 28 қалада өтеді.

"Әскери парадтар, Мәскеуден бөлек, тағы 27 қалада өтеді. Оған 47 мыңнан аса адам, 1,6 мың дана әскери техника мен 200-ден аса әуе кемесі қатысады", - деді Сергей Шойгу алқа отырысында.