Суретші Дубайдағы "Атлантида" қонақ үйінде 7 ай бойы жұмыс істеген. Сурет пішіні екі футбол алаңына пара-пар.
Британдық суретші Саша Джафридің әлемдегі ең үлкен "Адамзатқа саяхат" деп аталатын суреті Дубайдағы аукционда 62 миллион долларға сатылды, деп хабарлады paryz.kz, bugin.kz-ке сілтеме жасап.
Суретші Дубайдағы "Атлантида" қонақ үйінде 7 ай бойы жұмыс істеген. Сурет пішіні екі футбол алаңына пара-пар. Бастапқыда кескіндеме 70 бөлікке бөлініп, әртүрлі елдердегі 6 аукционда 30 миллион долларға сатылады деп болжанған.
Сатылмас бұрын картина бір ай бойы қонақ үйге қойылды. Суретті криптовалюта фирмасының жетекшісі Андре Абду сатып алған.
Джафри суреттен түскен табысты ЮНЕСКО мен ЮНИСЕФ-тің балаларға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық жобаларына жіберуге уәде берді.
"Біз 200 миллион баланың өмірін сақтап, оларға әлемді өзгертуге мүмкіндік береміз деп үміттенеміз. Әр баланың интернет арқылы білім алуына мүмкіндік болғанын қалаймыз. Біздің мақсат - интернетті кедей елдерде тұратындарға қол жетімді ету", - дейді суретші.