Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Олимпиадаға дайындалып жатқан спортшы найзағайдан қаза тапты

Сол сәтте күн ашық болған, бірақ ауа райы күтпеген жерден бұзылған...

Олимпиадаға дайындалып жатқан спортшы найзағайдан қаза тапты
фото: sport.segodnya.ua

Сальвадорда 22 жастағы серфингші Кэтрин Диас Эрнандес жаттығу кезінде найзағайдан қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz, Sport24-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жұмада жергілікті Эль-Тунко жағажайында болған. AS газетінің мәліметінше, спортшы сол кезде суда болған. Жедел жәрдем жеткенімен, серфингші ол кезде көз жұмған еді. Испаниялық басылым сол сәтте күн ашық болғанын, бірақ ауа райы күтпеген жерден бұзылғанын хабарлады.

Кэтрин Диас Сальвадордағы үздік серфингші саналған. Ол - Сальвадор серфинг федерациясының президенті Хосе Диастың қарындасы.

Спортшы серфингтен Бүкіләлемдік ойындарға дайындалып жатқан, сондай-ақ, Токио Олимпиадасына қатысуды жоспарлаған. Серфинг Олимпиада бағдарламасына алғаш рет енген еді.