Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Украинада туған әр балаға жер қойнауы байлығынан үлес тиетін болды

"Олар банкте жеке депозиттік шотта жинақталады. Кәмелет жасына толғаннан кейін қаржыны Украинада жоғары білім алуға жұмсай алады", - деді Зеленский.

Украинада туған әр балаға жер қойнауы байлығынан үлес тиетін болды
фото: Reuters

Украинада "экономикалық төлқұжаттар" енгізіліп, осы елде туған әр баланың 18 жасқа дейін жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан үлес алатыны нақтылады. Бұл туралы Укриана президенті Владимир Зеленский айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Зеленский Конституцияға сәйкес жер қойнауы бүкіл Украина халқының меншігі екенін атап өтті. Ол осылай өзінің сайлау алдындағы уәделерінің бірін - Украинаға экономикалық төлқұжат енгізуді ұсынды.

"Осында туған барлық бала 18 жасқа дейін Украинаның жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан қаражат алады. Олар банкте жеке депозиттік шотта жинақталады. Кәмелет жасына толғаннан кейін қаржыны Украинада жоғары білім алуға жұмсай алады", - деді Зеленский, азаматтарға арналған бейне хабарламасында.

Сонымен қатар ол Украинаның кейбір аймағында карантиннің қатаңдатылуына түсініктеме берді. Қаңтарда Украинада локдаун енгізілуіне байланысты, азаматтар мен бизнеске тікелей қаржылық көмек, балаларға көмек, ішінара жұмыссыздық бойынша өтемақы, салықтық демалыстар және басқа да бірқатар ынталандырулар жасалғанын да атап өтті.