Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Ақшамды қайтар!": тікелей эфирге тыржалаңаш әйел кіріп келді (ВИДЕО)

"Бұл әйел өте жылдам уақытта жақындап, мені таспен ұруға тырысты. Мен не болып жатқанын түсінбегендіктен, қатты абдырап қалдым..." - дейді тележүргізуші.

Румыниялық танымал тележүргізушіге тікелей эфир кезінде тыр жалаңаш әйел шабуыл жасады, деп хабарлады paryz.kz, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай румыниялық Antena 1 телеарнасының студиясындағы "Тікелей мүмкіндік" бағдарламасы кезінде болған. Ал ролик YouTube желісінде жарық көрді. G4media басылымының мәліметінше, бейтаныс адам күзетшілерді айналып өтіп, тележүргізуші Мирелла Вайдаға тура жүгірген. Тіпті кадрдан әйелдің "Ақшамды қайтар!" деп айқайлап, тележүргізушіге тас лақтырғаны байқалады. Алайда онысы мүлт кетті. Содан кейін шабуыл жасаған әйел қолға түсті.

Бағдарлама қайта жалғасқаннан кейін Мирелла Вайда есеңгіреп қалғанын және өз қауіпсіздігі үшін қорқатынын жеткізді.

"Бұл әйел өте жылдам уақытта жақындап, мені таспен ұруға тырысты. Мен не болып жатқанын түсінбегендіктен, қатты абдырап қалдым. Батыл қадам жасауға шамам келмеді. Жолым болып, оның соққысы тимей қалды", - деді тележүргізуші.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл жасаған әйел жақында психиатриялық ауруханадан шыққан. Оның студияға ашық есіктен кіруі мүмкін екені айтылуда.