Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Түркияда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді

Түркияның Ыстамбұл қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Paryz.kz.

Түркияда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: Wikipedia

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы хабарлады. Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 12:49-да тіркелген.

Эпицентрі Силиври ауданының жағалауындағы Мәрмәр теңізінде 6,92 шақырым тереңдікте анықталған. Жер сілкінісі жақын аумақтағы провинцияларға да сезілген.