Рим Папасы Франциск 89 жасқа қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz.
VaticanNews мәліметінше, Рим папасы 2025 жылғы 21 сәуірде, дүйсенбі күні Ватикандағы Каса-Санта-Марта резиденциясында дүниеден озған.
Сағат 9:45-те Апостолдық палатаның камерленгосы кардинал Кевин Фаррелл Санта-Марта үйінен Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы хабарлады.
— Қымбатты бауырлар, мен Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды жеткізуге мәжбүрмін. Бүгін таңғы сағат 7:35-те Римнің епископы Франциск өмірден өтті. Ол ғұмырын құдайға және оның шіркеуіне қызмет етуге арнады, — делінген Ватикан хабарламасында.