Иракта соққан құмды дауыл салдарынан 3 700-ден астам адам тыныс алу жолдарының ауруларымен ауруханаүа жеткізілді, деп хабарлады paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Ирак Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, дүйсенбіден бастап Бағдад пен басқа да провинциялардың ауруханаларына 3 747 адам түскен.
Ведомство өкілі Саиф әл-Бадрдың айтуынша, ең көп зардап шеккендер — ел астанасы Бағдадта.
Мұндағы ауруханаларға 1 014 адам жеткізілген. Ал елдің оңтүстігінде орналасқан әл-Мутанна провинциясында 874 адам ауруханаға жатқызылған.
Барлық зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Құмды дауылдан қаза тапқандар туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. Айта кетейік, құмды дауылдар Иракта жиі кездесетін табиғи құбылыс.
Сондықтан жергілікті дәрігерлер мұндай жағдайларда жылдам әрекет етіп, дер кезінде көмек көрсетуге дағдыланған.