Франция президенті ерлігі үшін қазақстандық отбасыға алғыс айтты

Сол сәтте қазақстандық балалар қарттарға азық-түлік пен киім таратып көмектесіп, одан соң зардап шегушілерге волонтер ретінде қолдау танытқан. 

Франция президенті ерлігі үшін қазақстандық отбасыға алғыс айтты
фото: дереккөз

Әлеуметтік желіде Франциядағы дауыл кезінде зардап шеккен адамдарға көмектескен қазақстандық отбасы туралы ақпарат тарады, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Самина, Ангелина және Амин өткен жылы Францияның оңтүстік аумағында болған "Алекс" дауылы кезінде тұрғындарға көмектескен. Табиғи апат салдарынан ел аумағын су басып, мыңдаған тұрғын үй жарықсыз қалып және ондаған адам зардап шеккен. 

Сол сәтте қазақстандық балалар қарттарға азық-түлік пен киім таратып көмектесіп, одан соң зардап шегушілерге волонтер ретінде қолдау танытқан. Апат орнында соңына дейін болып, адамдарға көмектескен қазақстандық отбасының ерлігі жергілікті тұрғындарды бейжай қалдырмады. Өз кезегінде Франция президенті Эмманюэль Макрон қазақстандықтарға алғысын білдіріп, отбасы мүшелерін жеке тікұшағымен қауіпсіз орынға алып кетті.