Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуі келесі аптада өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы Зеленский X желісінде жазды.
«Украина мен АҚШ командалары жұмысын қайта жалғастырды және біз келесі аптада мазмұнды кездесу өтеді деп үміттенеміз», – дейді ол.
Сонымен қатар Зеленский Еуропаға қолдауы үшін алғысын білдірді. Украиналықтар мұны әлемдік саясаттағы осындай эмоциялық шиеленісті кезеңде шынымен бағалайды.
«Еуропалық бірліктің сақталуы маңызды, және Еуропа шынымен дұрыс әрекет етуге тырысыып жатыр», – деді Украина президенті.