Тегерандағы жоғарғы сот ғимаратының алдындағы атысты жергілікі билік теракт деп бағалап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда шабуыл жасаушы өзін-өзі атып тастаған. Оның бұл қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз.
«Қайтыс болғандар – жоғарғы соттың 39-шы бөлімін басқарған Ходжат-уль-Ислам Валь-Муслимин Разини мен 53-ші бөлімнің басшысы Ходжат-уль-Ислам Валь-Муслимин Мукисе», – делінген Иранның құқық қорғау органдары таратқан мәліметте.