Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін

Өзбекстан Заң шығару палатасының (парламенттің төменгі палатасы) депутаттары бірінші оқылымда электронды темекіге толық тыйым салу туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін
Фото: freepik.com

Заңмен құрамында никотині бар электронды темекі мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салу көзделген.

 - Сарапшылардың пікірінше, электронды темекіде никотиннен өзге адам денсаулығы мен қоршаған ортаға залал келтіретін 80 түрлі улы химиялық элементтер мен ауыр металдар бар. Атап айтқанда, никотинге тәуелділік артып, балалар мен жасөспірімдердің ойлау қабілеті нашарлайды. Сондықтан аталған құжатты қабылдау халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етпек, - делінген Заң шығару палатасы таратқан хабарламада.