Қазақстанның Ресейдегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды paryz.kz.
«Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру» пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтайды», - делінген елшіліктің таратқан ақпаратында.
ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланған.