Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Гульнара Каримованың түрмеде жазған өлеңі жарияланды

Наурызда Өзбекстанның Жоғарғы соты оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындаған болатын. 

Гульнара Каримованың түрмеде жазған өлеңі жарияланды
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның қайтыс болған президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова абақтыда жазған өлеңін жариялады, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы оның қызы Иман Каримова Instagram-да жазған. Айтуынша, ол бостандыққа шыққан тұтқындар арқылы анасынан хабар алған көрінеді. 

"Жақында КИН-21-ден шыққан өте батыл әйелдердің арқасында біз анамыз туралы, оның денсаулығы туралы ақпарат алдық. Онда осы өлең жолдарын жазыпты. Өкінішке қарай, бізде онымен байланыс жоқ: хаттарымыз берілмейді, адвокаттар кіргізілмейді, тіпті телефон қоңырауларына да рұқсат жоқ. Бұл өлең оның сезімі мен көңіл-күйін көрсетеді. Адамдар түрмелерде, әсіресе заң үстемдігі жоқ Өзбекстанда бастан не кешіп жатқанын елестету және ойлау өте қорқынышты" деп жазды ол.

Еске сала кетсек, Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Ташкент маңындағы №21 Зангиатин әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр. Ол ұрлық, салық төлеуден жалтару, бопсалау және заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастыру үшін кінәлі деп танылған. Наурызда Өзбекстанның Жоғарғы соты оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындаған болатын.