Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Сириядағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Сириядағы оқиғаларды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Сирия Араб Республикасы аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысушылармен келіссөздер нәтижесінде Башар Асад президенттік қызметтен бас тартып, елден кету туралы шешім қабылдады және билікті бейбіт жолмен тапсыруды баса айтты. Ресей бұл келіссөздерге қатысқан жоқ, - делінген РФ СІМ хабарламасында.
Дипломатиялық ведомство Ресейдің Сирия аумағындағы әскери базалары жоғары дайындық режимінде екенін, бірақ қазіргі уақытта олардың қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.