Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Израильдің бұрынғы министрі Газадағы қылмыстарға өз елін айыптады

Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Моше Яалон Газа секторындағы әскери қылмыс үшін өз елін айыптады, деп жазады Kazinform NBC News сілтеме жасап.

Израильдің бұрынғы министрі Газадағы қылмыстарға өз елін айыптады
Фото: instagram/moshe_yaalon

Моше Яалон Reshet Bet радиосына берген сұхбатында Израиль үкіметі Израиль қорғаныс күштері сарбаздарының өміріне қауіп төндіргенін айтты.

— Мен Газаның солтүстігінде қызмет ететін қолбасшылар атынан сөйлеп тұрмын. Ол жерде үлкен қылмыстар жасалып жатыр, — деді Моше Яалон. 

Өз кезегінде Нетаньяхудың одақтастары Моше Яалонның сөздерін жоққа шығарды. 2005 жылы аяқталған екінші интифада немесе палестиналықтардың Израиль басқыншылығына қарсы «көтерілісінде» Яалон Израиль қорғаныс күштерінің штаб бастығы болғаны белгілі. Ол сондай-ақ 2013-2016 жылдары Израиль қорғаныс министрі қызметін атқарды.