Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Google YouTube блогерлері табысынан салық ұстамақшы

"Google егер табысыңыз бар болса, одан салық ұстап қалу үшін әрі оның мөлшерін дұрыс анықтау үшін Сізден AdSense-тегі 2021 жылдың 31 мамырына дейін тиісті салық ақпаратын беруді сұрайды..."

Google YouTube блогерлері табысынан салық ұстамақшы
фото: Reuters

Google компаниясы YouTube арқылы табыс табатын видео-блогерлерден салық ұстауға ниетті екенін білдірген, деп хабарлады paryz.kz

РИА Новостидің жазуынша, жаздан бастап салық ұсталуы мүмкін. Блогердің Америка Құрама Штаттары аумағындағы контенті есебінен табатын табысына салық салынады.

Google салық заңдары бойынша, 2021 жылдың маусым айынан бастап АҚШ-тан тыс жақтағы видео авторларынан салық алына басталатынын мәлімдеді.

"Google егер табысыңыз бар болса, одан салық ұстап қалу үшін әрі оның мөлшерін дұрыс анықтау үшін Сізден AdSense-тегі 2021 жылдың 31 мамырына дейін тиісті салық ақпаратын беруді сұрайды. Егер салық ақпараты 2021 жылдың 31 мамырына дейін берілмесе, Google видео-блогердің YouTube арқылы тапқан дүниежүзілік табысыңыздың 24%-на дейін ұстап қалуды талап етуі мүмкін", - деп үндеу жасады компаниядағылар.