Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Былтыр туын өзгерткен қырғыздар енді әнұранын ауыстырмақшы

Қырғызстанда мемлекеттік әнұран мәтініне байқау жарияланады. Бұл туралы осы елдің парламент төрағасы Нұрланбек Шәкиев Ақпарат және баспасөз күніне орай БАҚ қызметкерлерін марапаттау салтанаты кезінде айтты деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Былтыр туын өзгерткен қырғыздар енді әнұранын ауыстырмақшы
фото: видеодан скриншот

Шәкиев көпшіліктің мемлекеттік рәмізді өзгерту тақырыбын көтергісі келгенін, бірақ оған ешкімнің батылы жетпегенін атап өтті. Бұл мен ұсынған нәрсе. Келесі аптада Жогорку Кенеште кезектен тыс жиын өткіземіз. Ашық конкурс жариялаймыз. Әнұранда «Мен Қырғызстан үшін, қырғыз халқы үшін, ел дами берсін» деген сөздер жоқ. Жалқы есімдіктердің қолданысы жеткіліксіз, – дейді Нұрланбек Шәкиев.

Сондай-ақ ол мемлекеттік рәмізді өзгерту бастамасынан трагедия жасамауға шақырды.

«Құдай қаласа, әнұранды өзгертеміз. Мұны мен емес, қырғыз халқы, Қырғыз Республикасының зиялы қауымы шешеді», - деп қосты спикер. 

Кейінірек Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әнұранды өзгерту мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол Нұрланбек Шәкиевтің бастамасын қолдады. Садыр Жапаровтың айтуынша, әнұран өзектілігін жоғалтқандықтан оны өзгерту қажет.