Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

32 жыл бойы тас жеп келген қария жұртқа таңдай қақтырды

Ол бұл әдеті дәрігерлерді шошытып отырғанын да жасырмайды. Десе де, ақсақал тастағы кальций оған күш беретініне сеніп отыр.

32 жыл бойы тас жеп келген қария жұртқа таңдай қақтырды
фото: дереккөз

Үндістанның Махараштра штатында 32 жылдан бері тас жеп жүрген қария тұрады. Рамбхау Бодке (Rambhau Bodke) алғаш рет тастың дәмін 1989 жылы татып көрген, деп хабарлады paryz.kz, lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Оның мұндай әрекетке баруына ауылдағы кейуаналардың бірінің кеңесі себеп болыпты. Ол тас жеу асқазанындағы ауырсынуларды басатынына сендірген екен. Содан бері асқазаны тастың арқасында жазылып кеткеніне әбден сенген азамат күн сайын бір тастан жеп отыруды әдетке айналдырған.

Бүгінде Бодке - 80 жаста. Қария бір күнде шамамен 250 грамм тас жейтінін айтады. Ол бұл әдеті дәрігерлерді шошытып отырғанын да жасырмайды. Десе де, ақсақал тастағы кальций оған күш беретініне сеніп отыр.

Бір қызығы, тас жеу денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін екеніне қарамастан, қария бүгінгі күнге дейін дін аман жүр.