Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Газаға үш айдан кейін алғаш рет әуеден гуманитарлық көмек тасталды

Гуманитарлық жүк тиелген контейнерлер Газа секторына шілде айының ортасынан бері алғаш рет тасталды. Бұл туралы Anadolu тілшісіне оқиға куәгерлері айтқан.

Газаға үш айдан кейін алғаш рет әуеден гуманитарлық көмек тасталды
Фото: BBC

Олардың айтуынша, гуманитарлық жүк эксклавтың оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласына белгісіз ұшақтардан тасталған.

Өкініштісі, гуманитарлық жүк тиелген қораптардың бір бөлігі қоныс аударған палестиналықтардың шатырларына құлап, адамдар мерт болған. 2023 жылдың 7 қазанында таңертең ХАМАС-тың әскери қанаты Изз ад-Дин әл-Қассам бригадалары Израильге қарсы «Әл-Ақса тасқыны» операциясының басталғанын жариялады.

Бұған жауап ретінде Израиль армиясы Газа секторында ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, ХАМАС-қа қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялады, бұл одан әрі Газа халқының қырғынына ұласты. 27 қазанда Израиль армиясы Газада құрлық операцияларын жүргізе бастады. 2024 жылдың 7 қазаны, дүйсенбі күні Израильдің Газа секторына шабуылдарын бастағанына тура бір жыл болды. Израиль армиясының құрлықтан, теңізден және әуеден жаппай атқылауы эксклавта орасан зор қирау мен материалдық шығын әкелді.

 Газа секторы үкіметінің баспасөз қызметі Израиль армиясының бір жыл ішінде эксклавта «3650-ге жуық геноцид актісін» жасағанын хабарлады.