Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ұлыбританияда зерттеу үшін адамдарға коронавирус жұқтыра бастады

Бұған дейін дәл осындай зерттеу жұмыстары тұмау мен безгек ауруларына қарсы вакцина дайындау кезінде жасалған. 

Ұлыбританияда зерттеу үшін адамдарға коронавирус жұқтыра бастады
фото: ашық дереккөз

Ұлыбританияда адамдарға ерікті түрде ғылыми мақсатта коронавирус жұқтыра бастады. Вирустың адам ағзасына әсерін білуге арналған медициналық зерттеуді ұлыбританиялық Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды, деп хабарлады paryz.kz, DW.com-ға сілтеме жасап. 

Министрліктің баспасөз қызметі осылайша елде коронавирусқа қарсы вакцинаны тез әзірлеп, аурудың бұл түрін емдеу жолдары қарастырылатынын айтады. Еріктілердің бірінші тобымен Royal Free Hospital ауруханасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар коронавирус сипаттамаларын зерттеумен айналысады. 

"Зерттеуге қатысушыларға қауіпсіз және бақылаудағы ортада вирус жұқтырды. Олар тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада. 

Одан бөлек, ғалымдар SARS-CoV-2-ге адамның иммундық жүйесі қалай жауап беретінін және инфекция жұқтырған адам вирустың бөлшектерін қалай тарататынын зерттемек. Бұған дейін дәл осындай зерттеу жұмыстары тұмау мен безгек ауруларына қарсы вакцина дайындау кезінде жасалған. 

Соңғы зерттеуге жас әрі денсаулығы жақсы адамдар таңдалған. Оларға вирустың аз ғана дозасын салады. Зерттеуге жалпы 90 адам қатысады деп жоспарланған.