Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Мұқтаж отбасыларға үй алу үшін 10 пайыздық субсидия беріледі

Президент бұдан бөлек мыңдаған отбасына, әсіресе, ауыр жағдайда қалған әйелдерге әлеуметтік үй салуға уәде етті.

Мұқтаж отбасыларға үй алу үшін 10 пайыздық субсидия беріледі
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанда биыл ипотекаға үй алу үшін бастапқы жарна 20 пайыздан 15 пайызға түседі. Бұдан бөлек, ипотекалық несие бойынша 6 айлық жеңілдік мерзімі енгізіледі, деп хабарлады paryz.kz, Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

3 наурызда президент Шавкат Мирзиеев тұрғын үй құрылысын дамыту және ипотекалық нарыққа қатысты видеоконференцияда сөз сөйледі.

"Тұратын үйін жақсартуды қалаған аз қамтылған отбасылар бастапқы 15 пайыздық төлемнің 10 пайызын субсидия ретінде ала алады. Былайша айтқанда, ипотекаға үй сатып алғысы келсе, бастапқы жарнаның 5 пайызын ғана төлейді", - деді Мирзиеев.

Ипотека шегі - 12%, басқа аймақтарда 10%-дан асқан жағдайда да несиенің бір бөлігі субсидияланады.

"Мәселен, ауылдық жерден көлемі 54 шаршы метр пәтер алуды қалаған отбасы (шамамен мұндай үй 216 миллион сум немесе 20,5 мың доллар тұрады) бастапқы 3 мың доллардың орнына мың доллар ғана төлейді. Қалғаны бюджет есебінен жабылады. Жеңілдетілген бағдарлама бойынша отбасы айына 143 доллардан төлеп тұрса, мемлекет ай сайын қалған 100 долларын жауып тұрады", - деп хабарлады жергілікті басылымдар.

Президент бұдан бөлек мыңдаған отбасына, әсіресе, ауыр жағдайда қалған әйелдерге әлеуметтік үй салуға уәде етті.