Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері, UFC бірнеше дүркін чемпионы Конор Макгрегор 2025 жылы өтетін президент сайлауына қатысуға ниетті екенін жеткізді.
Ол бұл жайында X (Twitter) парақшасында жазды.
«Президент ретінде парламенттің төменгі палатасын шақыруға да, таратуға да билігім болады. Бұған дейін айтқанымдай, Ирландия халқының еңбек адамын қанап жатқандарға, отбасы құндылықтарын аяқасты еткендерге, шағын бизнестің түбіне жеткендерге және сол сияқтыларға қояр сұрағына жауап алып, кеткен есесін қайтарар едім...
Болмаса менде төменгі палатаны толық таратып жіберуден басқа амал қалмайды… Президент ретінде бұл менің қолымда болар еді. Мен оны жақсы білемін. Ирландияға халықтың мүддесіне жұмыс істейтін, қолынан іс келетін президент керек. Ол мен. Жалғыз қисынды таңдау — менмін. 2025 жылға аз қалды…» деп жазды ол әлеуметтік желіде.