Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Елден шығыңыздар»: елшілік Украинадағы қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасады

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі осы мемлекетте жүрген қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасап, елден кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Елден шығыңыздар»: елшілік Украинадағы қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасады
Фото: © freepik.com

Елшілік Украинадан Қазақстанға кету үшін Польша немесе Молдова арқылы көлікпен, одан әрі ұшаққа мінуге болатынын хабарлап отыр.

«Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес», - деп хабарлады елшілік. 

Елшілік әуеден шабуыл жасалады деген ақпарат естісе, оны назарға алып, дереу қауіпсіз орын іздеу керек дейді.

«Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408», - деп жазды елшілік.