Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Астана ауруханасында 52 жастағы Жапония азаматы ем алуда

Астанада 17 тамыз күні швейцариялық борт шұғыл түрде қонған Токио-Цюрих рейсіндегі жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана ауруханасында 52 жастағы Жапония азаматы ем алуда
Фото: istockphoto.com

Белгілі болғандай, 52 жастағы Жапония азаматы жедел инсультпен Астана ауруханасына жеткізілді

«17 тамызда жедел жәрдем қызметі Астана әуежайынан №2 қалалық көпсалалы ауруханаға ми қан айналымы жіті бұзылған (инсульт) ер адамды жеткізді. Ол реанимация бөліміне жатқызылды. Қазір жағдайы ауыр», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 88-бабына, 5-тармағына сәйкес Жапонияның 52 жастағы азаматына ем көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, 17 тамыз күні Астана әуежайының баспасөз қызметі жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Boeing 777-300ER (HBJNI борттық нөмірі) бортында Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair әуекомпаниясының SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонғанын хабарлады. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алды деген күдікке байланысты қону туралы шешім қабылдаған.

Дегенмен ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан шығып кеткен.