Париж олимпиадада спортшыларға 500 түрлі тағам ұсынады, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Le Parisien басылымы хабарлады. Жарыстар өтетін аймақта бүгіннен бастап мейрамхана іске қосылды.
Тамақтану орны олимпиада ойындары аяқталғанша барлық спортшыны 500 түрлі ыстық аспен қамтамасыз етеді. Асхана тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді. Спортшылардан басқа олимпиада жанкүйерлеріне де етсіз балама тағамдар ұсынады.