Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Моңғолия парламентіне алғаш рет қазақ әйел депутат болып сайланды

Моңғолия қазақтарының өкілі Сонгобайн Замира Мемлекеттік Ұлы Хуралдың депутаты болып сайланды. Ол осы елдің парламентіне сайланған тұңғыш қазақ әйелі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Моңғолия парламентіне алғаш рет қазақ әйел депутат болып сайланды
Фото: «Номер один»

Сонгобин Замира – 2023 жылдың жазында қабылданған жаңа заң бойынша парламентке өткен 32 әйелдің бірі. Жаңа құжат бойынша елдегі депутаттық корпустың үштен бір бөлігі әйелдер болуы керек деп белгіленген. 2028 жылы өтетін келесі парламенттік сайлауда олардың үлесін 40 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Сангобайн Замира – бес баланың анасы. Сонымен бірге ол Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Экономист мамандығын алған ол ұзақ жылдар сауда саласында қызмет еткен. Біріккен венгр-монғол сыртқы сауда компаниясына иелік етеді.

Моңғолиядағы 3,5 миллион халықтың 5 пайызы – қазақтар. 1930 жылы Моңғол Халық Республикасының билігі қазақтарға жеке аумақ беру туралы қаулы қабылдады. 1940 жылы Моңғолия қазақтарының басым бөлігі тұратын Баян-Өлгий аймағы құрылды. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға 20 мыңнан астам қазақ отбасы қоныс аударды.