Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

72 жастағы Депардье "екі рет қыз зорлады" деген айыппен тергеліп жатыр

Ал оның адвокаты Эрве Темим бұл ақпараттың көпшілікке жарияланып кеткеніне өкініш білдірді.

72 жастағы Депардье "екі рет қыз зорлады" деген айыппен тергеліп жатыр
фото: PhotoXPress.ru

Әйгілі француз киножұлдызы Жерар Депардье зорлық және жыныстық қысым көрсетті деп айыпталды, деп хабарлады paryz.kz.

Негізінде актер 16 желтоқсанда айыпталған. Ал оның адвокаты Эрве Темим бұл ақпараттың көпшілікке жарияланып кеткеніне өкініш білдірді.

Аты құпия сақталып отырған жас актриса актерді 2018 жылдың 7 және 13 тамызында болған екі жыныстық зорлық-зомбылық ісі үшін айыптаған. Тергеу 2019 жылдың жазында жабылып, бір жылдан кейін прокуратураның өтініші бойынша қайта басталыпты. Депардье болса, өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарып отыр.

Еске сала кетсек, Жерар Депардьеде Ресей азаматтығы да бар. Ол азаматтықты француз билігі 1 миллион еуродан жоғары кіріске 75 пайыздық салық енгізгеннен кейін алған. 2014 жылдың ақпанында Саранскіде тіркеліп, Грозныйдан пәтер алған. Ал 2018 жылдың желтоқсанында Новосибирскіде тіркелді.

Жалпы, Жерар Депардье - әлемдегі ең танымал француз әртістерінің бірі. Ол 180-нен астам киноға түскен.