Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Өзбекстан президентінің тауда құпия шипажайы бар екен

Бұл жер Өзбекстанда ұшуға тыйым салынған 6 аймақтың біріне жатады. Мирзиеев әкімшілігі мен "Өзбекстан темір жолының" баспасөз қызметі журналистердің сауалына әзірге жауап берген жоқ.

Өзбекстан президентінің тауда құпия шипажайы бар екен
фото: дереккөз

Өзбекстанның мемлекеттік компаниялары президент Шавкат Мирзиеевтің таудағы құпия шипажайының құрылысын жүргізген. Азаттық радиосының Өзбек қызметі журналистік зерттеуінің авторлары осындай тұжырым жасаған, деп хабарлады paryz.kz.

Журналистер мәліметіне қарағанда, Мирзиеевтің зәулім үйі және тікұшақ қонатын алаңқайы бар нысан құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылдың аяғына таман біткен. Кешен Угам-Чаткал биосфера қорығы аумағында бой көтерген. Бұл қорықтың бір бөлігі UNESCO ұйымының дүниежүзілік мұралары тізіміне енген. Зерттеуде шипажай маңында жаңа су қоймасы бар екені айтылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қойма сумен қамту жүйесіне кедергі келтірген. Сол себепті, бірнеше отбасы көшуге мәжбүр болған. Озодлик радиосының мәліметі бойынша, құрылысты "Өзбекстан темір жолдары" мемлекеттік компаниясы жүргізген. Су қоймасын былтыр жарылған Сардоба қоймасын тұрғызған компания салған. Сардобадағы апаттан 6 адам қаза тауып, мыңдаған адам баспанасыз қалған еді.

Құпия шипажай Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым жерде орналасқан. Бұл жер Өзбекстанда ұшуға тыйым салынған 6 аймақтың біріне жатады. Мирзиеев әкімшілігі мен "Өзбекстан темір жолының" баспасөз қызметі журналистердің сауалына әзірге жауап берген жоқ.