Осылайша, 32 жастағы Димаш кәсіби мансабындағы 14-жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Қазақстан тумасы, Нью-Йорк полициясының қызметкері Димаш Ниязов (13-1-3, 6 КО) Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлады paryz.kz.
Соңғы рет 2018 жылы шаршы алаңға шыққан Димаш аргентиналық Джонатан Годойға (5-7, 0 КО) қарсы жұдырықтасып, 6 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.
Осылайша, 32 жастағы Димаш кәсіби мансабындағы 14-жеңісіне қол жеткізіп отыр.