Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Балықшылар ұзындығы 2 метрден асатын алабұға ұстады

"Бұл - құбыжық! Балық су бетіне шыққан кезде біз айғайлап жібердік..."

Балықшылар ұзындығы 2 метрден асатын алабұға ұстады
фото: дереккөз

Флоридада екі жергілікті кәсіби балықшы адам бойымен бірдей балық ұстап алды, деп хабарлады paryz.kz, Fox News-ке сілтеме жасап.

Джошуа Йоргенсен мен Джейсон Бойл 2019 жылдан бастап  терең теңіз балықтарын аулауға тырысқан. Екеуі Мексика шығанағында Форт Майерстен 225 шақырым жерде Варшава алабұғасын аулап алды.

Балықшылар жем ретінде шабақтарды суға лақтырған, ал 5 минуттан кейін балық оны тістей бастады. Балықшылар алабұғамен шамамен 20 минуттай арпалысты.

"Бұл - құбыжық! Балық су бетіне шыққан кезде біз айғайлап жібердік. Оны қайыққа апару қаншалықты қиын болатынын ойламадық. Оны төрт ересек адам планшир арқылы алып жүрді", - деді Йоргенсен.

"Теңіз құбыжығының" ұзындығы 2 метрден, салмағы 133 келіден асты. Ер адамдар өздерінің ауланған ерекше балығының суреттері мен видеосын блогтарында жариялаған.