Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

ДАИШ ұйымының қазақстандық мүшесі Түркияға заңсыз өтпек болған

Түркия іздеуде жүрген адамдарды 5 санатқа бөледі. Ал ұсталған қазақстандық ең жоғары деңгейде іздеуде болған.

ДАИШ ұйымының қазақстандық мүшесі Түркияға заңсыз өтпек болған
фото: Терроризмге қарсы комитет

Сириядан Түркияға заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Hurriyet басылымының жазуынша, Түркияның қауіпсіздік күштері Сирия шекарасына жақын орналасқан Килис провинциясында Қазақстан азаматын қамауға алған. Ақпаратқа сәйкес, ол – "қызыл" деңгейде іздеуде болған ДАИШ (Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым) мүшесі екен.

Түркия іздеуде жүрген адамдарды 5 санатқа бөледі. Ал ұсталған қазақстандық ең жоғары деңгейде іздеуде болған.

"Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл туралы тек ҰҚК ақпарат беретінін айтты. Комитет оқиғаның мән-жайын анықтап, хабарлауға уәде берді", - деп жазды Sputnik Қазақстан.