Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Рамзан Қадыровтың ұлы да президент болды

"Өзінің атасы Ахмат-Хаджи Кадыровтың атына сай болуы үшін барлығын жасайтынына сенімдімін", - дейді Шешенстан басшысы.

Рамзан Қадыровтың ұлы да президент болды
фото: дереккөз

Шешенстан президентінің ұлы Адам Қадыров Оқудағы өзін-өзі басқару ұйымының президенті болды. Бұл туралы Рамзан Қадыров желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Құрметті достар! Шешенстанның Тұңғыш президенті, Ресей батыры Ахмат-Хаджи Қадыров атындағы білім беру орталығында мектеп өміріндегі тағы бір маңызды оқиға болды. Мұнда Оқудағы өзін-өзі басқару ұйымының президенті Адам Қадыровты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті", - деп жазды ол.

Қадыров сайлау науқанында барлық белгіленген нормативтік рәсімдер сақталғанын атап өтті. Дауыс беруге 3-11 сынып оқушылары, мұғалімдер мен білім беру орталығының әкімшілігі қатысқан. Үш кандидаттың ішінен сайлаушылардың басым көпшілігі (81,7%) Рамзан Қадыровтың ұлына дауыс берген.

Салтанатты ант бергеннен кейін Адам Қадыров Оқудағы өзін-өзі басқару ұйымы президентінің куәлігін және білім беру орталығының директоры Яха Махашевадан президенттік биліктің символын алды.

Рамзан Қадыров ұлын мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысушы, сыныптастарына көмектесуге тырысатын жақсы оқушы ретінде сипаттады.

"Ол спортта үлкен жетістіктерге жеткен. Өте жас кезінде хафиз атанып, білімін жетілдіріп келеді. Мен оның құрдастары арасында құрметке ие болғанына және олар үшін пайдалы болуға тырысқанына шексіз қуаныштымын. Мен Адамды сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтаймын! Ол сайлаушылардың сенімін ақтайтынына, мектептің қоғамдық өмірінің дамуына белсенді үлес қосатынына және өзінің атасы Ахмат-Хаджи Кадыровтың атына сай болуы үшін барлығын жасайтынына сенімдімін", - деді Шешенстан басшысы.