Кейінірек видео Twitter-дегі парақшада жарияланды. Оны 379 мың адам көріп, 6 мыңнан астам адам бөліскен.
Ni siquiera podemos trabajar tranquilos, esto ocurrió a las 13:00 de hoy en las afueras del Estadio Monumental.
— Diego Ordinola (@Diegordinola) February 12, 2021
La @PoliciaEcuador se comprometió a dar con estos delincuentes. #Inseguridad pic.twitter.com/OE2KybP0Od
Эквадорда тікелей эфир кезінде тележүргізушіге белгісіз біреу тапанша кезенді, деп хабарлады paryz.kz, Life.ru-ға сілтеме жасап.
Спорт репортері Диего Ординола Гуаякиль қаласындағы "Монументаль Исидро Ромеро Карбо" стадионының жанында тікелей эфирге шыққан.
Репортер эфирге шыққан сәтте оған медициналық маска киген адам жақындап, тапанша кезеніп, телефонын беруді талап еткен.
Оператор болған жағдайды түсіріп үлгерген, бірақ тонаушыға өзінің телефонын беріп жіберген. Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытты. Оны жақын маңда серіктестері мотоциклмен күтіп тұрған.
Кейінірек Диего Ординола видеоны Twitter-дегі парақшасына жариялады. Оны 379 мың адам көріп, 6 мыңнан астам адам бөліскен.