Өзбекстан президентінің қызы өзінің Telegram каналында өмір жалғасып жатқанын жазды. Айта кетейік, Саида Мирзиёева Ойбек Тұрсыновқа тұрмысқа шыққан. Олардың отбасында бұған дейін екі бала дүниеге келді: ұлының есімі – Миромон, қызы – Саодатхон.
Саида Мирзиёева 2019 жылы президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалған еді. Жыл басында бұл қызметтен кететінін мәлімдеді.