Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиёева ұл туып, атын Шавкат деп қойды, деп хабарлайды Sputnik.
Өзбекстан президентінің қызы өзінің Telegram каналында өмір жалғасып жатқанын жазды. Айта кетейік, Саида Мирзиёева Ойбек Тұрсыновқа тұрмысқа шыққан. Олардың отбасында бұған дейін екі бала дүниеге келді: ұлының есімі – Миромон, қызы – Саодатхон.
Саида Мирзиёева 2019 жылы президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалған еді. Жыл басында бұл қызметтен кететінін мәлімдеді.