Трамптың 39 қабатты қонақ үйі жарылды (ВИДЕО)

Мәліметтер бойынша мекеме 1984 жылы мамырда ашылып, қаладағы оныншы казино болған...

Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Ситиде бұрын АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа тиесілі болған 39 қабатты казино мен Trump Plaza қонақ үйі жарылды, деп хабарлады paryz.kz

Жарылыстың видеосы тарап кетті. Атақты ғимараттың сүрілуін көруге көптеген қала тұрғыны келген. Мәліметтер бойынша мекеме 1984 жылы мамырда ашылып, қаладағы оныншы казино болған. Бірақ 2014 жылы ол жабылып қалған. Мекеменің жабылуына байланысты мыңдаған адам жұмыссыз қалды.

Казино жұмысын тоқтатқаннан кейін 2016 жылы меншік Trump Entertainment Resorts-тан Icahn Enterprises-ке өтті. 

Белгілі болғандай, Атлантик-Сити мэрі Марти Смолл өзінің әкімшілігіне 2020 жылы өздігінен құлай бастаған ғимаратты сүру туралы тапсырма берген.