Билл Гейтс синтетикалық ет жеуге шақырды

Гейтстің пайымдауынша, мал шаруашылығы өндірісінде метанның ауаға бөлінуін азайту үшін адамдар өсімдік ақуызына көшуі керек.

Билл Гейтс синтетикалық ет жеуге шақырды
фото: ашық дереккөз

Әлемдегі ең дәулетті адамдардың бірі, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзатты аштықтан құтқарудың бір жолын атады, деп хабарлады paryz.kz, Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ол адамдарды табиғи еттен бас тартуға шақырды.

"Менің ойымша, ауқатты мемлекеттер 100 пайыз синтетикалық сиыр етіне көшуі керек. Адамдар еттің жаңа дәміне үйренуі қажет, ал өндірушілер ол дәмді уақыт өте жақсартады деп ойлаймын", - деді ол.

Гейтстің пайымдауынша, мал шаруашылығы өндірісінде метанның ауаға бөлінуін азайту үшін адамдар өсімдік ақуызына көшуі керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін ол адамзатқа төніп тұрған екі үлкен қауіп туралы ескертті. Олар – климаттың өзгеруі және биотерроризм.