Шешенстанда соттан бөлек өлім жазасы әлі бар ма?..

Жақында басылым қолына шешен ІІМ-нің қызметтік құжаты тиген. Ол жерде 160-тан астам адамның суреті және жеке мәліметтері қамтылған... 

Шешенстанда соттан бөлек өлім жазасы әлі бар ма?..
фото: РИА Новости

Шешенстанның күш құрылым қызметкерлері 2017 жылы соттан тысқары өлім жазасын іске асыру алдында қамалған бірнеше азаматты "Ислам мемлекеті" террористік тобына кіруге ант қабылдатып, сосын одан бас тартқызған. Бұл туралы "Новая газета" басылымының жаңа зерттеуінде айтылады, деп хабарлады paryz.kz, centrasia.org-ке сілтеме жасап. 

2017 жылы сәуірде "Новая газета" Тергеу комитетіне Шешенстанда өлтірілген 30 адамның тізімін берген.

"Новая газета" 2017 жылы 26 қаңтарға қараған түні олардың 27-сі өлтірілгенін хабарлаған. Олардың 2016-2017 жылдары полицейлерге қарсы шабуылдан кейін ұсталғаны атап өтілген. Тізімдегі тағы үш адам ЛГБТ қауымдастығына қарсы кампаниядан кейін ұсталып, түрмедегі зомбылықтан кейін қайтыс болғаны айтылған. 2018 жылы наурызда Тергеу комитеті "Новая газетаның" берген деректері бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.

Жақында басылым қолына шешен ІІМ-інің қызметтік құжаты тиген. Ол жерде 160-тан астам адамның суреті және жеке мәліметтері қамтылған. Басылым құжаттан өз тізіміндегі 26 адамды тапқан.

2016 жылы 20 желтоқсанда "Ислам мемлекеті" террористік тобы Грозныйдағы шабуыл үшін жауапкершілік алған. Топ сайтында 11 шешен содырының лидері Абу Бакр әл-Бағдадиге ант беріп жатқаны түсірілген видео жарияланған.

Журналистер "Новая газетаның" тізіміндегі бұл кісілер алғаш ант беріп, кейін сол киіммен, сол жерде ИМ тобынан бас тартып жатқанын байқаған. Басылым видеоны өлім жазасына кесілген бұл адамдарды елге террорист деп көрсету үшін алдын ала түсіріп алған болуы керек деген шешімге келген.