Бұған дейін жексенбі күні сот осы іс бойынша тағы бір айыпталушы Далержон Мирзоевті 2 ай мерзімге қамауға алған болатын. Алғашқы күдікті Мирзоев та өз кінәсін мойындады.
Далерджон Мирзоев — жүзден астам адамның өмірін қиған "Крокус Сити Холл" қырғыны ісі бойынша бірінші айыпталушы.
Бізге белгілі жайттар:
Жасы 32-де;
Тәжікстан тумасы;
Кәмелет жасқа толмаған төрт баласы бар;
Ол Новосибирк қаласында үш айлық уақытша тіркеуден өткен, бірақ құжат мерзімі өтіп кеткен.
Ұсталғандардың екеуі де ұйымдасқан топ құрамында адам өліміне әкеп соқтырған лаңкестік әрекетті жасады деп айыпталуда. Сондай-ақ, Басман соты лаңкестік іс бойынша тағы екі айыпталушы – Мухаммадсобир Файзов пен Шамсидин Фаридуниді қамауға алу туралы өтініштерді қарайды.
Рачабализода Саидакрами Муродали — "Крокус Сити Холлда" лаңкестік әрекетке барған екінші айыпталушы.
Бізге белгілі жайттар:
Жасы 30-да.
Үйленген, бір баласы бар.
Оның аяқталмаған орта білімі бар;
Бұған дейін сотталмаған;
Айыпталушының айтуынша, қайда тіркелгені есінде жоқ;
Қорғаушысы бар;
Аудармашы арқылы тілдеседі.
Тергеушілердің айтуынша, төртеуі де Крокус Сити Холлға жасалған шабуылдың тікелей қатысушылары болған, оның барысында 130-дан астам адам қаза тапқан.
Айта кетейік, күдіктілер сотқа дейін айыпталушылардың әрқайсысы жауап алу кезінде азаптауға ұшыраған.
Мәскеу аудандық соты РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы "Террористік акт" бойынша айыпталған Фаридуни Шамсутдин мен Мұхаммадсобир Файзовты 2024 жылдың 22 мамырына дейін, яғни 28 тәулікке қамауда қалдыру туралы шешім қабылданды.
Шамсутдин Фариддуни — "Крокус Сити Холл" ісі бойынша айыпталған үшінші адам.
Бізге белгілі жайттар:
Жасы 25-те;
Үйленген, бір баласы бар;
Красногорск қаласында тіркеуден өткен;
Тәжікстан азаматы;
Тағайындалған қорғаушысы бар;
Ол Подольск қаласындағы фабрикаға ресми жұмысқа тұрған;
Аудармашы арқылы тілдеседі.
Сотқа 25 жастағы Фаридуни Шамсутдин мен 19 жастағы Мұхаммадсобир Файзов жеткізілді. Файзовты жедел жәрдем қызметі алып келген.
Мухаммадсобир Файзов — "Крокус Сити Холлда" қырғын жасаған төртінші айыпталушы.
Бізге белгілі жайттар:
Жасы небәрі 19-да;
Үйленбеген, балалары жоқ;
Тәжікстан азаматы;
Орта білімді;
Иваново қаласында шаштараз болып істеген;
Тіркеу орны — Иваново;
Бұған дейін сотталмаған;
Аудармашы арқылы тілдеседі.
Фаридуни Шамсутдин үйленген, сегіз айлық баласы бар. Подольскте тіркелген, паркет дайындайтын зауытта жұмыс істегені анықталды.