24.03.2024, 14:37

«Пикник» тобы «Крокус Сити Холлдағы» теракті туралы жазба жариялады

ФОТО: T.ME/@SHOT_SHOT

Ресейлік "Пикник" рок тобының ұжымы концерт алдында "Крокус Сити Холлда" болған да терактіден қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Жазба музыканттардың Instagram-дағы парақшасында жарияланды. "Пикник" ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Жантүршігерлік қайғылы оқиғаның болғанына жабырқап, қайғырып отырмыз", - делінген хабарламада.

Музыканттар мен олардың менеджерлерінің аман-есен екені бұған дейін хабарланған болатын.