Ресейлік "Пикник" рок тобының ұжымы концерт алдында "Крокус Сити Холлда" болған да терактіден қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Жазба музыканттардың Instagram-дағы парақшасында жарияланды. "Пикник" ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Жантүршігерлік қайғылы оқиғаның болғанына жабырқап, қайғырып отырмыз", - делінген хабарламада.
Музыканттар мен олардың менеджерлерінің аман-есен екені бұған дейін хабарланған болатын.