Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Польшада БАҚ өкілдері жұмыстарын бір күнге тоқтатты

Олардың айтуынша, үкіметтің жарнамаға жаңа салық енгізуі денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға емес, баспасөз бостандығын бұзуға бағытталған...

Польшада БАҚ өкілдері жұмыстарын бір күнге тоқтатты
фото: ашық дереккөз

Польшадағы медиа орталықтардың көбі жаңадан енгізілген жарнама салығына наразылық білдіріп, бір тәулікке жаңалық таратуды тоқтатты, деп хабарлады paryz.kz, Flick Prime-ға сілтеме жасап.

Польшалық БАҚ өкілдерінің айтуынша, үкіметтің жарнамаға жаңа салық енгізуі денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға емес, баспасөз бостандығын бұзуға бағытталған.

"Үкімет жоспары жүзеге асса, біздің басылымды енді көрмеулеріңіз мүмкін" деп жазылған басылымдардың бірінің веб-сайтындағы басты бетте.

Наразылыққа танымал ТВН24 жаңалықтар телеарнасы қатысты. Телеарна күні бойы "мұнда сіздің сүйікті бағдарламаңыз болуы керек еді" деген жазумен қара экранды трансляциялады. Акцияға "Онет" және "Интерия" ақпараттық порталы да қосылған. Олар да бірде-бір мақала жарияламады.

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкийге жолданған ашық хатқа Польшаның ірі газеттері мен журналдары, сондай-ақ, жетекші тәуелсіз телеарналарды қоса алғанда, 43 медиа ұйым қол қойды. Акция күн соңына дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта Парламентте компания көлеміне байланысты 2-ден 15 пайызға дейінгі коммерциялық жарнамадан түсетін қаржыға салық салу жобасы қарастырылып жатыр. Үкімет бұл коронавирус пандемиясынан зардап шеккен мемлекет қаржысын қалпына келтіру тәсілі деп хабарлады.