Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

БҰҰ Қазақстанға Сириядағы азаматтарын алып кетсін деген талап қойған

Ондағы азаматтардың 80%-ы – балалар мен әйелдер.

БҰҰ Қазақстанға Сириядағы азаматтарын алып кетсін деген талап қойған
фото: ашық дереккөз

Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары 57 мемлекетке Сирияда жүрген босқын азаматтарын елге қайтаруға шақырды. Мұның ішінде Қазақстан азаматтары да бар, деп хабарлады paryz.kz, bugin.kz-ке сілтеме жасап.

"Сирияның Әл-Хол және Родж лагерінде жатқан босқындарды тез еліне қайтару керек. БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі 20 сарапшысы 57 мемлекеттің билігіне осылай деп өтініш айтты. Бұл лагерьде 64 мың адам бар. Оның ішінде, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Тәжікстан мен Өзбекстанның, Эстонияның азаматтары бар", - делінген БҰҰ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

БҰҰ-ның дерегінше, Сириядағы лагерьде жатқан азаматтардың ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған) сынды лаңкестік ұйымдарға қатысы бар. Әл-Хол лагері – Сирия босқындарына арналған ең үлкен лагерь. Ондағы азаматтардың 80%-ы – балалар мен әйелдер.

"Лагерьде жүрген азаматтарға шектен тыс зорлық-зомбылық көрсетілуде. Сондықтан оларды құтқару қажет", - делінген хабарламада.