Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

COVID-19: қызметкер бастығының шайына науқастың сілекейін қосқан

Ол коронавирус жұқтырған адамның сілекейі құйылған құтыны 70 долларға сатып алыпты.

COVID-19: қызметкер бастығының шайына науқастың сілекейін қосқан
фото: ашық дереккөз

Түркияда автосалон қызметкері коронавирус жұқтырған адамның сілекейін 70 долларға сатып алып, бастығының шайына қосқан деп хабарлады paryz.kz, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта айыпталушы сот алдында жауапқа тартылып жатыр. Автосалон иесі Ибрахим Унверди қызметкеріне автокөлік мәмілесі үшін 215 мың түрік лирасын берген. Алайда ол ертеңінде бастығына қоңырау шалып, ақшаны келісім жасамай, несиесін төлеуге жұмсағанын айтыпты. Ал Унверди қызметкерінің өзін өлтіргісі келгенін басқа жұмысшылардан естіген.

Күдікті коронавирус жұқтырған адамның сілекейі құйылған құтыны 70 долларға сатып алып, бастығының шайына қосып жіберген. Алайда Унверди оны ішпегендіктен, ауру жұқтырмаған. Содан кейін де жұмысшы бастығына қастандық жасайтынын ашық айтыпты. Тіпті ол "мен сені вируспен өлтіре алмадым. Ендігі жолы басыңнан атып тастаймын" деп хабарлама жолдаған.

Осыдан кейін автосалон иесі тәртіп сақшыларына жүгінген. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда.