Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Экс-президенттің қызы стриптиз билеп жүр (ВИДЕО)

"Сондықтан қасиетті көздеріңізге ыңғайсыздық тудырғаным үшін кешіріңіздер..." деп жазды ол. 

Экс-президенттің қызы стриптиз билеп жүр (ВИДЕО)
фото: stan.kz

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың кіші қызы Әлия Шагиева Instagram-да жаңа хоббиін көрсеткені сол еді, жұрт жабыла талқылай кетті, деп хабарлады paryz.kz.

Шагиева бірнеше айдан бері стрип-пластикамен айналысады екен. Ол өзінің хоббиі пол-дэнс немесе шеру акробатикасы деп аталатынын түсіндірді.

"Қазір маған шабуыл жасайды, сондықтан мен мынаны айтуым керек: пол-дэнс немесе шеру акробатикасы — бұл маңызды спорт және оның стриптизге ешқандай қатысы жоқ. Ал ашық киім пилонмен жақсы жұмыс істеу үшін киіледі. Сондықтан қасиетті көздеріңізге ыңғайсыздық тудырғаным үшін кешіріңіздер. Бір қызығы, имандарыңыз маған қорлау, қарғыс және қоқан-лоққы айтуға кедергі келтірмейді..." деп жазды ол.

Әлия Шагиева ауырған соң спортпен шұғылдануға бел буғанын атап өткен.

"Бұл сағаттар менің басты хоббиім болды, барлық қажетсіз ойлар жоғалып, осы процесті ұнататын сиқырлы сәт. Тіпті ауырған кезде де рахаттанамын", - деді Атамбаевтың қызы.

Десе де желі қолданушыларының бәрі бірдей оның бастамасын қолдаған жоқ, әрине.

"Стриптизер болып жұмысқа тұру қалды", "Ұят", "Өте жаман. Мен сізге қарап ұялып отырмын. Сізді күйеуіңіз қызғанбай ма?" деп жазды олар.

Дегенмен Әлияны қолдап, өнеріне тамсанып, сәттілік тілегендер де болды.