Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қытайлықтар бесбармақ әзірлеуді трендке айналдырды (ВИДЕО)

Tiktok-та қытайлық блогер әзірлеген қазақтың ұлттық тағамы бесбармақ туралы видео танымал болды, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Қытайлықтар бесбармақ әзірлеуді трендке айналдырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық желі қолданушылары «Еліміздің ұлттық тағамын әлемнің түкпір-түкпірінен көбірек адамдар білетін болды» деп мақтан тұтты. 

Видео контенттің астына түрлі пікір қалдырған желі қолданушылары ұлттық тағамды таяқшамен жеген блогердің әрекетіне таңданыстарын білдірді.

Кейбір желі қолданушылары бұл рецептті онша бағаламады. «Қазақтың ұлттық тағамын қор қылды» деген де пікірлерді кездестіруге болады.