Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жерорта теңізі жағалауынан алтын тілді мумия табылды

Болжам бойынша, ол 2000 жыл бұрын жерленген...

Жерорта теңізі жағалауынан алтын тілді мумия табылды
фото: дереккөз

Египеттің Жерорта теңізі жағалауында ежелгі Тапосиристегі жартастағы қабірден алтын тілді мумия табылды, деп хабарлады paryz.kz, lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ғалымдардың пікірінше, алтын тіл қайтыс болған адамға кейінгі өмірде сөйлесуге көмектеседі деген түсінік болған. Болжам бойынша, ол 2000 жыл бұрын жерленген. Неге тіл алтыннан жасалған? Қайтыс болған адам тірісінде сөйлеу кезінде қандай да бір қиындық көрген бе?.. Бұл жағы әлі де құпия болып қала бермек.

Тапосирис Александриядан батысқа қарай 45 шақырым жерде, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан. Оның атауы "Осиристің қабірі" дегенді білдіреді. Ал римдіктер оны Taposiris Magna деп атайды.