Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстан азаматы Ресей банкінен 2 млн 800 мың рубльді тонап кеткен

Менеджер әйелді пневматикалық тапанша және граната муляжымен қорқытып, 5 млн рубльді беруін талап еткен...

Қазақстан азаматы Ресей банкінен 2 млн 800 мың рубльді тонап кеткен
фото: ашық дереккөз

Ресейлік Воронеж қаласының сотына банкке жасалған қарулы шабуыл ісі бойынша материалдар жолданды. Істе 38 жастағы Қазақстан азаматы күдікті ретінде танылған, деп хабарлады paryz.kz, Воронеж облысы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Прокурор қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын бекіткен. Ол аса ірі көлемде қарақшылық жасады деп айыпталуда (РФ ҚК-нің 162-бабы, 4-бөлімі). Оқиға 2020 жылдың маусым айында болған. Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы күндіз жергілікті банктердің бірінің кеңсесіне кіріп, клиенттермен жұмыс терезесіне барған. Артынша менеджер әйелді пневматикалық тапанша және граната муляжымен қорқытып, 5 млн рубльді беруін талап еткен. Дәл осы схеманы келесі терезеде де қолданған. Өз өмірі үшін қорыққан банк қызметкерлері қаскөйдің талаптарын орындап, кассаға қарай өткен. Ол бөлмеде тағы екі қызметкер болыпты. Әріптестердің артынан барған ер адам оларды қорқытып-үркіткен.

Кассирлер түрлі валютадағы ақшаларды алып, жалпы сомасы 2 млн 800 мың рубльді тонаушының сөмкесіне салған. Күдікті ұрлаған ақшасымен бірге қашып кеткен.

Іс Воронеждегі соттардың біріне жолданған. Жоғарыда көрсетілген бап бойынша күдіктіні 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.